«Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі!»

05.09.2024

Мемлекеттік тіл егемен еліміздің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің рәміздері, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады, Мемлекеттік тіл — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Әрбір Қазақстандық Ата заңымыздың талаптарын орындап, қазақ тілінде сөйлеуге міндетті. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен байланыса алады. Сонымен, 2024 жылдың 5 қыркүйегінде Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің кітапханасында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі!» тақырыбында колледж оқытушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Әдіскер Е.А. Ионова келесі мәселелерді талқылауға ұсынды: Қазақ тілі – рухани қазына; Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Дөңгелек үстел қатысушылары қазақ тілінде қойылған сұрақтарды пайдалана отырып, диалогпен аяқталды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар «Оқытушыларға арналған қазақ тілі сағаты» жұмысын қайта жалғастыруды ұсынды.



Текст
Виртуальная приемная